Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында “Автокөлік” профилактикалық іс-шарасының бірінші күні екі қылмыс ашылды

Қарағанды облысында “Автокөлік” профилактикалық іс-шарасының бірінші күні екі қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 тамызда Қарағанды облысында “Автокөлік” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Оның мақсаты – автокөліктерді ұрлаудың алдын алу және ашу. Қарағанды облысының ПД қызметтерінің тығыз өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін штабтар құрылды, сонымен қатар автокөліктер мен олардың иелерін тексеретін мобильді посттар жасақталды. Алғашқы күні облыстағы ЖАШ кезінде екі ұрлықтың бетін ашты.

Осылайша, 63 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші белгісіз біреудің металл қақпаларды дәнекерлеу арқылы кесіп алып, гараждан ВАЗ-2101 автокөлігін ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрайды.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар полицейлер 30 маусымда Теміртауда болған көлік ұрлығын ашты.

Белгісіз біреу ВАЗ-2100 автокөлігін ұрлап кеткен. Анықталғандай, жәбірленуші 70 жастағы зейнеткер өз көлігін кафелердің біріне жақын жерде қалдырып, есікті жабуды ұмытып кеткен. Келтірілген залал көлемі 500 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

16 тамызда “Автокөлік” профилактикалық іс-шарасы кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 37 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру