Қарағанды облысында дүкеннен тауар ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында дүкеннен тауар ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурызда Қарағанды облысы Абай ауданы ПБ Топар полиция бөліміне дүкендердің бірінен шұғыл хабарлама келіп түсті.
Жәбірленуші 33 жастағы сатушы әйел белгілі бір клиент оның көзінше тауарды тартып алып, қашып кеткенін түсіндірді. Жедел-іздестіру шарасында полицейлер күдікті – 30 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.