Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы: күдіктілердің конституциялық құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі

Қаңтар оқиғасына қатысы бар күдіктілердің конституциялық құқықтарын қорғау қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлердің ұстау, жеткізу және тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі әрекеттеріне қатысты барлық шағымдар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Объективтілік үшін бұл істердің барлығы (81) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

Қорғаушылардың міндетті қатысуымен тергеу әрекеттерін бейнетіркеу ұйымдастырылды.

Барлық ұсталғандар УҰИ мен тергеу изоляторларына медициналық куәландырудан кейін ғана орналастырылады. Ұлттық алдын алу механизмі өкілдерінің, қоғамдық бақылау комиссияларының және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің оларға кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру