Ел аумағында заңсыз жүрген 17 шетел азаматы Қарағандыда анықталды
Қарағанды полицейлері 17 шетел азаматын ұстай отырып, заңсыз көші-қон жолын бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысының Полиция департаментіне Қарағандыда Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер болуы мүмкін екендігі туралы хабарлама түсті. Қарағанды қаласының Полиция басқармасында бірнеше топ құрылып, оның жұмысын қолға алды.
28 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің қызметкерлерінің рейдтік шаралары барысында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй нысандарын тексерді. Онда олар ҚР аумағында заңсыз жүрген 17 шетел азаматын ұстап, анықтады.
ҚР ҚК 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.