Қарағанды облысында ер адам ауыл тұрғынының үйіне ұрлыққа түсті
Қарағанды облысында ер адам ауыл тұрғынының үйіне ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 шілдеде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ. Мұстафин кентінің полиция бөліміне ауылдардың бірінің 54 жастағы тұрғыны хабарласқан. Белгісіз біреу құлыпты бұзып, әпкесіне тиесілі бос үйге кіріп, сол жерде орналасқан азды-көпті құнды мүлікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 41 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
9 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 52 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттың бір бөлігі тәркіленді.