Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да сиырды қағып кеткен пикаптың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды

СҚО-да сиырды қағып кеткен пикаптың жүргізушісі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні Мамлют ауданының полиция бөліміне Мамлютка-Қостанай жолында 09:37 сағатта аудан орталығы Мамлютка қаласына жақын маңда 24 жастағы жүргізушісі басқарып келе жатқан Mitsubishi L200 автокөлігі сиырды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы “Мал айдау” жол белгісінің аумағында орын алған.

Оқиға болған жерге барған қызметкерлер зардап шеккендердің болмағанын анықтады. Сиырға да, жүргізушіге де, автокөлікке де зақым келмеген. Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің сау екенін көрсетті. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Сиырдың иесі кінәрат-талабы жоқ екенін айтты.

Бұл жыл басынан СҚО жолдарында малдардың қатысуымен орын алған екінші жол-көлік оқиғасы. Алғашқысы қаңтар айында Тайынша ауданында болды.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен мал иелеріне сақ болуға кеңес береді. Өйткені ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал жол үстінде жылқы мен сиырды не болмаса басқа жануарды қағып кету қайғылы аяқталуы да мүмкін.

Жеті айда СҚО жолдарында 97 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 17 адам қайтыс болып, 123 адам жарақаттар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру