Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ағасы мен қарындасы “екпе төлқұжаттарын” жасаған

Алматыда ағасы мен қарындасы “екпе төлқұжаттарын” жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Туыстардың заңсыз әрекеттерін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтады.

– Біздің назарымызға бірінші болып 22 жастағы А.есімді азамат түсті, ол алаяқтықтың барлық ұйымдастырушылық бөлігін жүзеге асырған: әлеуетті клиенттерді тапты, келіссөздер жүргізді, төлемді электронды аударымдар арқылы қабылдады. Содан кейін техникалық жағын жүзеге асыру үшін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесін қосты. 25 жастағы М.есімді азаматша өз кезегінде КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына “клиенттердің” деректерін енгізді. Біз іс жүргізу тәртібімен М.есімді азаматшаның жұмыс орнында рұқсатты іздеу жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына, кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Екі айыпталушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеуді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасы жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру