Қарағанды облысында ер адам ауылдасының үйінен екі қармақ ұрлап кетті
Қарағанды облысында ер адам ауылдасының үйінен екі қармақ ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 мамыр күні Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық ПБ-на 42 жастағы ауыл тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші балық аулау маусымына дайындалып, үйінің ауласында өзіне тиесілі қармақтарды ретке келтірген. Арада уақыт өткенде қармақтарын аулаға тастап, басқа жұмысқа көңіл бөліп кеткен, кейін қармақтарды жинау барысында ішінен екі қармақты белгісіз біреу алып кеткенін байқаған. Оған келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
15 маусым күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 41 жастағы ауылдасы анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта тергеу амлдары жүргізілуде.