Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы жартылай марафонды өткізу кезінде қозғалысты реттеуге шақырады

Алматы полициясы жартылай марафонды өткізу кезінде қозғалысты реттеуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын хабарланғандай, 20 маусым күні Алматы жартылай марафонына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жартылай марафон қашықтығы өтетін жерлерде көлік қозғалысы 00:00-ден 12:30-ға дейін ішінара шектеледі.

Алматы полициясы көрсетілген шараларды түсініп, өздерінің қозғалыс бағытын алдын-ала реттеуге және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жарыс өтетін күні жолдарды жабу кестесі Жартылай марафонның басталуы Тұңғыш Президент саябағында берілетін болады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Мұстафиннен Назарбаевқа дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылындағы Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Әл-Фарабидің оңтүстік жағы көлік қозғалысы үшін бос.

Әл-Фараби даңғылы бойымен Навоиден Розыбакиевке дейінгі қозғалыс 06:30-дан 08:00-ге дейін жабық болады. Барлық жолақтар толықтай жабылады.

Саин көшесі әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Батыс жағы көлік қозғалысы үшін бос.

Сейфуллин даңғылындағы қозғалыс әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін сағат 07:00-ден 12:30-ға дейін жабық болады. Барлық жолақтар толықтай жабылады.

Абай даңғылы Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін 07:20-дан 12:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көліктер үшін ашық болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру