Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте OLX-тегі алаяққа қатысты шаралар жүргізілуде

Шымкентте OLX-тегі алаяққа қатысты шаралар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 маусымында Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Онда ол ұялы телефонының WhatsApp желісі арқылы белгісіз адаммен танысып, OLX желісінде тұрған балмұздақ жасайтын апаратты 120 000 теңгеге келісіп, 80 мың теңге қаржысын есеп шотына салып жіберіп, алданып қалғанын жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Әл-фараби АПБ КПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру