Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тұрмыс” іс-шарасы: Ақмола полицейлері 746 адамды әкімшілік жауапқа тартты

Ақмола полицейлері “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 746 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы Ақмола облысының аумағында 9 маусымда басталды. Іс-шара аясында полицейлер түрлі санаттар бойынша профилактикалық есепке алынған және қылмыс жасауға бейім адамдарды тексереді.

Сондай-ақ ата-аналар алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатын, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеумен айналыспайтын тұрмысы нашар отбасылар бақылауда. Ұйғарым шығарылған және олардың мінез-құлқы бойынша ерекше ұсынымдар берілген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше көңіл бөлінеді.

Мәселен, жеті күн ішінде полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған 3 752 адамды, 600 үй жанжалқорды тұрғылықты жері бойынша тексерді, оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, тексеру барысында осы нұсқамаларды бұзудың 22 фактісі анықталды.

Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 1 043 фактісін тіркеді, 178 қорғау нұсқамасы шығарылды, құқықбұзушының мінез-құлқына 47 ерекше талап қойылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер азаматтарға “102” телефоны бойынша полиция қызметкерлерін немесе өздерінің учаскелік полиция инспекторлары мен аумақтық полиция бөлімдерін түрлі құқық бұзушылықтар жасайтын, алкогольді ішімдіктерді және есірткіні пайдалануда байқалған адамдар туралы хабардар ету қажеттігі туралы еске салады.

Сонымен қатар өткен кезеңде ҚР ӘҚБтК 73-1 және 73-2-баптары бойынша полиция қызметкерлері 38 үй жанжалқорын, 72 маскүнемді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру