Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция қызметкері мал ұрысын ұстады

Түркістан облысында полиция қызметкері мал ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып, құны 60 000 теңге болатын қойын белгісіз біреулер жымқырып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Оқиға болған жерге алғаш болып жергілікті учаскелік полиция инспекторы Ибрахим Ишматов жедел жетті. Содан полицей ауылдағы көрген білген, күдікке алынғандардан сұрақ жауап алады. Кенет ауыл тұрғындарының бірі полицейге жәбірленушінің үй маңынан күдікті автокөлік көрінді деген мәлімет береді. Учаскелік полицей бұл қылмысты ашу үшін одан әрі іздестіруін тоқтатпай, көрші ауылды қарап шығады. Нәтижесінде тәртіп сақшысы күдікті ретінде танылған жас жігітті қылмыс үстінде құрықтап алды.

Белгілі болғандай, күдікті ұрлаған малын Шымкент қаласына апарып сатпақ болған. Алайда полицей күдіктіні жол үстінде тоқтатып, автокөлігін тексерген. Тексеру барысында күдіктінің жүк салғышынан қолды болған қойды тапты. Бүгінгі таңда қылмыс үстінде ұсталған ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Тәртіп сақшылары табылған қойды заңды иесіне қайтарды. Полицейлер бұл күдікті азаматтың ауыл арасында бұрындары да тұрғындардың малдарын жымқырып жүргенін білді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амлдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру