Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Приозерск тұрғынынан травматикалық тапанша тәркіленді

Приозерск тұрғынынан травматикалық тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні Қарағанды облысы Приозерск қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Аталған іс шара барысында полиция қызметкерлеріне 31 жастағы қала тұрғынында заңсыз қару бар екендігі туралы жедел ақпарат түсті.

Кешенді жұмыстар барысында аталған күдікті ұсталды. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында полицейлер ұсталған ер адамнан атуға жарамды газды тапанша және төрт оқ дәрі тәркіледі.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 287-бабына (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру