Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелге көмектесті

Шымкенттік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 14-маусым мен 13-шілде аралығында “Зорлық-зомбылықсыз 30 күн” акциясын өткізуде. Акцияның мақсаты – тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, осы бағытта қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету.

Аталған іс-шараның барысында Абай ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары Гүлвира Бектемисова мен Перизат Маймақова отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті.

Әйел полиция қызметкерлерімен тығыз жұмыс атқаратын “Көмек” дағдарыс орталығына орналастырылды.

Айтып өтсек, дағдарыс орталықтарына орналасқан әйелдер өзін моральдік, психологиялық және құқықтық жағынан қалыпқа келтіріп, орталық мамандарының жан-жақты көмегіне жүгіне алады.

Полиция тарапынан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар ұдайы түрде жүзеге асырылып келеді. Мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындар арасында профилактикалық сұхбаттар ұйымдастырылып, зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратылып, “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы” Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру