Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше мотоцикл ұрлаған қарағандылықты полиция қызметкерлері қолға түсірді

Бірнеше мотоцикл ұрлаған қарағандылықты полиция қызметкерлері қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні Қарағанды облысы Шет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында аудан көлемі бойынша “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара барысында полиция қызметкерлері мотоцикл жүргізу кезінде қажетті шлем кимеген мотоцикл жүргізушісін тоқтатты. Полиция қызметкерлерімен көлік басқаруында отырған 52 жастағы ер адамнан мотоцикл құжаттарын сұрау барысында ол азаматта ешқандай құжат болмаған.

Алдын ала тексеру жұмыстары барысында 52 жастағы жүргізуші астына мініп жүрген мотоциклі бір күн бұрын Қарқаралы ауданынан ұрланғаны анықталды. Полиция қызметкерлерімен көліктің 75 жастағы шаруа қожалығының иесіне тиесілі екені анықталды. Қазіргі уақытта жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі анықталуда. Айғақ зат тәркіленді.

Сонымен қатар ұсталған ер адамнан жауап алу барысында күдікті 6 мамыр күні Шығыс-Қазақстан облысындағы бір шаруа қожалық иесіне тиесілі құны 500 мың тұратын мотоциклін ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 200 және 188-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Полиция қызметкерлерімен ұсталған ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру