Қарағанды облысында ер адам көршісінің шойын ваннасын ұрлап кетті
Қарағанды облысында ер адам көршісінің шойын ваннасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
2 сәуір күні Қарағанды облысы Абай аудандық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу дәлізде тұрған шойын ваннасын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленуші ұрланған затын 50 мың теңгеге бағалаған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Арада 5 күн өткен соң криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 54 жастағы көршісі анықталып, ұсталды.
Ол шойын ваннаны металл қабылдайтын орынға өткізу үшін ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.