Қарағанды облысында ер адам сауда орнынан ақша ұрлап кеткен
Қарағанды облысында сауда орнынан ақша ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына 21 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші қаладағы сауда орындарының бірінде телефон сататынын айтқан. Кешке қарай, жұмыс аяқталар уақытта ол сауда нүктесінен бірнеше минутқа шығып кеткенде, белгісіз біреу саудадан түскен 500 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен.
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.