Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер шені табысталды

Алматының жас полицейлеріне алғашқы офицер шені табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты табыстау рәсімі ІІО-ның қаза тапқан қызметкерлеріне арналған ескерткіштің алдында өтті.

50 жас қызметкерге полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров өз қолымен лейтенант шенін табыстады.

Қаладағы тәртіпті қамтамасыз ететін офицерлер қатарына жас ұл-қыздар қосылды.

– Құрметті әріптестер! Бүгін сіздер алғашқы офицерлік шендеріңізді алып, толыққанды полиция қызметкері болдыңыздар. Бүгін сіздердің Тәуелсіз Қазақстанға қызмет ету, Қазақстан халқына қызмет ету жолдарыңыз басталды. Сіздер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың конституциялық құқықтарын қорғауда білімдеріңіз бен дағдыларыңызды дұрыс қолдана алатындарыңызға сенімдімін. Әрекеттеріңізді Ант талаптарымен өлшеңіз. Заңдылық, мәдениеттілік, адалдық, батылдық – сіздердің басты қаруларыңыз, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру