Қарағанды облысында ер адам зейнеткердің үйіне кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті
Қарағанды облысында ер адам зейнеткердің үйіне кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 75 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Зейнеткер үйде болмаған уақытта жеке үйге белгісіз біреудің кіріп, әшекей бұйымдарын ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 550 мың теңгені құрады.
Оқиға орнын тексерген полицейлер ұрының терезені ашып үйге кіргенін анықтады. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
13 желтоқсанда сауатты жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Қарағанды қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.