Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицияға жыл басынан терроризм актісі жайлы 4 жалған хабарлама келіп түсті

Атырауда полицияға жыл басынан бері терроризм актісі жайлы төрт жалған хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі күнге дейін Атырау облысы Полиция департаментіне ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша барлығы төрт факт тіркеліп, барлығы бірдей “ізі суытылмай” анықталып, ашылды.

– Анонимдік хабарлама берудің негізгі мотиві – мас күйіндегі азаматтардың бұзақылық ниеттері болып отыр. Жалған анонимдік хабарлама берген 20-40 жас шамасындағы Атырау облысының тұрғындары екендігі анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық жазасы тағайындалып, келтірілген шығындар (жедел медициналық жәрдем, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметтерін, жедел-тергеу топтары мен арнайы жасақтарды шақырту мен жұмыс істеуі) қайтарылды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру көп жағдайларда адамдар арасында үрей мен қорқыныш туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру