Қарағанды облысында көлік ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды
Қарағанды облысында көлік ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 тамызда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин атындағы ауылының полиция бөліміне, елді мекендердің бірінде белгісіз біреу 55 жастағы ер адамға тиесілі ВАЗ-2116 автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрайды.
Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы ПД-нің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 34 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлікті ұстады. Ол кінәсін мойындап, көлік тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.