Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ мас жүргізуші жол апатын жасады

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ мас жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамызда Lada Priora автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі Темір ауданы Шұбарқұдық кентіндегі Досжан хазірет көшесімен жүріп өтіп, басып озар алдында қозғалыс жолағы бос екеніне көз жеткізбей, 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Nissan Primera маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Lada жүргізушісінің ауыр мас күйінде болғаны және бұрын көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айырылғаны белгілі болды.

Жол апаты салдарынан Lada көлігінің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші АПБ УҰИ-ға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру