Қарағанды облысында көршісінің үйін тонап кеткен әйел ұсталды
Қарағанды облысында көршісінің үйін тонап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазанда 31 жастағы ауыл тұрғыны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу жеке үйге кіріп, төсек-орын мен ыдыстарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады. Ұрлық жәбірленуші үйде жоқ кезде болған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 46 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ұсталған әйел арыз берушінің көршісі болып шықты. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.