Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мас жүргізуші 20 күнге қамалды

Павлодар облысында мас жүргізуші 20 күнге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауданы Чигириновка ауылының маңында полицейлер ауыл тұрғынының басқаруымен Ford Transit маркалы көлік құралын тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамның көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Куәландыру жүргізушінің мас күйінде екенін көрсетті. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотта қаралды.

Шарбақты аудандық сотының қаулысына сәйкес, құқық бұзушыға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер 1206 мас жүргізушіні жауапкершілікке тартты, оның 36-сы Шарбақты ауданының жүргізушілері екенің айта кету керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру