Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан барымташы қолға түсті

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан барымташы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Нұра аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінде мал ұрлығының екі дерегі тіркелді.

Бірінші жағдайда мал шаруашылығымен айналысатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің екі жылқысы ауылдан 40 шақырым жердегі жайылымнан жоғалды. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құраған. Ал екінші жағдайда 31 жастағы ауыл тұрғыны өзінің ұсақ малының жоғалғанын айтқан. Келтірілген шығынды жәбірленуші 50 мыңға бағалады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында мал ұрлығымен айналысқан 2 азамат ұсталды. Олардың бір-бірінен бөлек қылмыс жасағаны анықталды.

Мәселен, 2 бас жылқы ұрлаған 33 жастағы күдікті жәбірленушінің Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бақташы болып жұмыс істегені анықталды. Ал ұсақ малды ұрлаған 63 жастағы азамат жәбірленушінің ауылдасы екені белгілі болды.

Екі факті боййынша да айғақ заттар тәркіленіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру