Қарағанды облысынан ұрланған көлік табылды
Қарағанды облысында Мәскеу қаласының аумағынан айдап кеткен көлік табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қазанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері жедел – іздестіру шаралар барысында тұрақтардың бірінде «Киа Оптима» маркалы көлікке көздері түсті. Олар, «көлік иесімін» деген 46 жастағы қала тұрғынын тапты.
Тексеріс барысында полицейлер көлік құралын ағымдағы жылдың 15 қазанында Ресей аймағынан айдап кеткенін анықтады. Бұл көлік Мәскеу қаласы аумағының тұрағынына тиесілі екен.
Қазақстан Республикасының ҚК 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде, автомобиль тәркіленді.