Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұялы телефон ұрлығы ашылды

Қарағанды облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қазанда Жезқаған қаласының Полиция басқармасына 43 жастағы қала тұрғыны белгісіз біреудің сөмкесінен құны 57 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы азаматты ұстады, ол кінәсін мойындады.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру