Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында пәтер тонады деген күдікпен әйел ұсталды

Қарағанды облысында пәтер тонады деген күдікпен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамырда Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Оның үйіне белгісіз біреу кіріп, 160 мың теңгеге зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Ұрлық кезінде жәбірленуші жұмыста болған.

Жедел тергеу тобының қызметкерлері қылмыс болған жерге келгенде, арызданушының көршілері жәбірленушінің үйінің жанынан бейтаныс әйелді көргендерін айтты. Полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен, алысқа кетіп үлгермеген Қарағанды қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Полиция ұсталған ханымның көрші Абай ауданында осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. ҚР ҚК-нің 24-188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру