Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері есірткіқоюшыларды ұстады

Алматыда полиция қызметкерлері есірткіқоюшыларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үй аулаларын аралау кезінде екі күдіктіні байқады. Жігіттер жер қазып жатқан сияқты болды, бірақ олар бағбандарға ұқсамады.

– Патрульдік көлік жақындай бастаған кезде, айыпталушылар шегінуге тырысты. Олар полициядан жасырына алмады. Күдікті адамдар қатты қобалжыды және олардың әрқайсысының қалталарын жеке тексеру кезінде есірткі орамдары түсіп қалды. Ұсталған – 2003 жылы туған О.есімді азаматтың киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған 30 өсімдік тектес зат табылды, оның досы – 2004 жылғы М.есімді азаматтан осыған ұқсас 20 пакет тәркіленді. Көрсетілген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ұсталғандар сол жерде не істегендерін және бұл пакеттерді қайдан алғанын түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деді Әуезов ауданының басшысы Ұлан Әбілхайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру