Қарағанды облысында полицейлер 12 заңсыз аң аулау фактісін анықтады
Қарағанды облысында «Браконьер» ЖАШ барысында 145 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 20 қазаннан бастап «Браконьер» республикалық жедел алдын алу шарасы өтуде. Мәселен, осы акцияның бес күнінде полицейлер 95 рейд жүргізген. 517 аңшы мен балықшы, сондай-ақ 43 балық аулау алаңдары мен су қоймалары тексерілді.
Тәртіп сақшылары 30 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 12-сі заңсыз аңшылық, 8-і заңсыз балық аулау, 10-ы қаруды алып жүру және тасымалдау ережелері.
145 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын, өзге де су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.