Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Қарағанды облысында полицейлер мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамызда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ патрульдік полициясы взводының қызметкерлері елді мекендердің бірінде 29 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезді. Медициналық сараптама жүргізуші мас күйінде болған деген қорытындыға келді. Сонымен қатар өткен жылы әкімшілік соттың қаулысымен ер адам жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру