Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында «Қамқор» акциясы өткізілді

Қарағанды ​​облысында «Қамқор» акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 мамырда Қарағанды ​​облысының аумағында «Қамқор» кең ауқымды акциясы өткізілді. Акцияға әкімдіктердің, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, БАҚ өкілдері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшылары, қоғам қайраткерлері, еріктілер қатысты. Барлығы 885 адам.

Аталған шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға орналастыру. Отбасына жан-жақты қолдау көрсету, келеңсіздіктердің себептерін жою.

Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалары бар отбасылар туралы деректер банкін жүргізу. Кәмелетке толмағандардың қайыр сұрау, балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен болған фактілерді анықтау үшін азаматтардың көп жиналатын орындарын тексеруге, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларды анықтауға ерекше назар аударылды.

Рейд барысында барлығы 1269 нысан тексерілді, оның ішінде саяжайлар мен шаруашылықтар, егіс алқаптары, шаруа қожалықтары, тұрғын үйлердің жертөлелері, көлік жуу орындары, жанар-жағармай құю бекеттері, теміржол және автовокзалдар, шағын аудандар, базарлар.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған 400-ден астам қиын жағдайдағы отбасылар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Акция барысында шаруа қожалықтарымен, дәмхана, бар, жанармай құю бекеттерінің әкімшілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік және қылмыстық заңнама нормалары түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру