Қарағанды облысында қару иелері тексерілді
«Қару-2021» ЖАШ кезінде Қарағанды облысының полициясы тұрғылықты жері бойынша 5 165 азаматтық қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Қару-2021» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 31 мамырдағы жағдай барысында полиция тұрғылықты жері бойынша 5 165 азаматтық қару иелерін тексерді.
Тексеру барысында 167 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ол үшін 125 бірлік тіркелген қару тәркіленді. Сондай-ақ, қаруды заңсыз сақтаудың 21 фактісі анықталды.
Сонымен, 31 мамырда Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері Абай көшесінде атыс қаруын сақтады деген күдікпен 35 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Осы көлікті тексеру кезінде ұңғысы жоқ травматикалық тапанша табылып алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Облыстың ПД қызметкерлері барлық азаматтық қару иелеріне оларға ұқыпты қарауға, азаматтық және қызметтік қарудың айналымын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарын қатаң және ар-ұжданмен орындауға, ережелерді қатаң сақтауға шақырады.