Қарағанды облысында тәртіп сақшылар ұрланған велосипедті иесіне қайтарды
Қарағанды облысы теміртаулық тәртіп сақшыларының жедел әрекеттерінің арқасында ұрланған велосипед иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қыркүйек күні Теміртау қалалық Полиция басқармасы Шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреулер құны 30 мыңнан асатын қос велосипедтін ұрлап кеткендігі туралы арызданған.
Ұрлық көп қабатты үйлердің бірінде болған. Оңай олжа таппақшы болған белгісіз азамат бірінші қабатта, темір тормен қоршалған зат қоятын орынның кілтін бұзбай, темірді майыстырып кіріп, велосипедті ұрлап кеткен.
– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Анықталғандай ол алдын ала ұрланған заттарды сатып алатын жерді белгілеп қойған. Алайда, полицияның жедел әрекеттерінің арқасында ол ойы іске аспады, – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.
Қазіргі уақытта аталған іске қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.