Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Мас жүргізуші – қылмыскер!” іс шарасының 1 күнінде 40 жүргізуші автокөлікті құжатсыз басқарған

Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыркүйек айының 10-12 күндері аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментімен “Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның бір күнінде көлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 296 дерегі тіркелді.

Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқарғаны үшін (тонировка) (ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша) – 19 құқық бұзушы анықталды, автокөлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 590-бабының 7-бөлігімен) – үш, техникалық құралын басқарған кезде телефон пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 591-бабының 1-бөлігі) – 30, автокөлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі) – 55, көлік басқару кезінде қозғалыстың қарсы жолағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі) – үш, бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өткені үшін (ҚР ӘҚБтК 599-бабы) – алты, жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін (ҚР ӘҚБтК 600-бабы) – 13, жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 606-бабы) – үш, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) – алты, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 612-бабы 1-бөлігі) – 40 деректері анықталып, 22 автокөлік айып алаңына қойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру