Қарағанды облысында терезеден кірген ұры тұрғынның ақшасын ұрлап кетті
Қарағанды облысында терезеден кірген ұры тұрғынның ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 желтоқсанда Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық Полиция басқармасына елді мекендердің бірінің 36 жастағы тұрғыны жүгінген. Белгілі болғандай, әйел үйде жоқ кезде белгісіз біреу пластикалық терезені ашып, жеке үйге кіріп, 27 мың теңге көлеміндегі қаражатты жымқырған. Сонымен қатар, теледидарды алып кетпек болғанымен, қолынан түсіріп, сындырып алған. Келтірілген шығын көлемі 480 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 19 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Қарағанды қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.