Қарағанды облысында төрт браконьер ұсталды
Қарағанды облысында төрт браконьер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 тамызда Қарағанды облысының Приозерск қаласында патрульдік полиция жасағы табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен бірге «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері Достық көшесінің бойымен келе жатқан көлікті тоқтатты. 33 жастағы ер адам басқарған көліктің салонында 43 жастағы жолаушы да болған. Полицейлер автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 84 келі болатын бес қап таза сазан табылып, тәркіленді. Ұсталған браконьерлер Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.
Сол күні шамамен 17.00 -де Балқаш көлінің Бертіс шығанағында табиғат қорғау полициясы ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірге қайыққа мінген – 40 және 45 жастағы екі ер адамды ұстады. Қайықта салмағы 125 келі болатын жаңа ауланған балықтарды, сондай-ақ тыйым салынған торлар табылды. Браконьерлік әрекеттің барлық заттай дәлелдері алынды.
Аталған фактілер негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Келтірілген залал мөлшері анықталуда.