Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте интернет-алаяқтықтың 24 жайты анықталды

Шымкентте интернет-алаяқтықтың 24 жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 тамызынан бастап республика аумағында “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Аталған іс шараның мақсаты – интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.

Сондай-ақ зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны, оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.

“Anti-Fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша 24 жайт анықталды. Атап айтқанда, Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқарма қызметкерлерімен порнографиялық материалдарды таратудың екі жайты ашылды. Абай АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың төрт жайты, Әл-Фараби АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың бес жайты, Еңбекші АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың алты жайты, Қаратау АПБ қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың 7 жайты анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру