Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлері досының атынан несие алған жігітті анықтады

Түркістандық полицейлері досының атынан несие алған жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, досы өзінің атынан алаяқтық жолмен онлайн несие алған. Жәбірленуші азаматқа келтірілген жалпы шығын көлемі 85 000 теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Орын алған алаяқтықты анықтау мақсатында Сарыағаш ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Куәгерлерден жауап алып, жиналған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні өз үйінен ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бас шарасы “қолхатта”.

Белгілі болғандай, күдікті досының электр қуатының есептегішін тексеріп беретінін айтып, алаяқтық жолмен сеніміне кіру арқылы жеке куәлігін алған. Содан соң банктердің бірінен онлайн несие алып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жұмсаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру