Қарағанды облысында жүк көлігін бөлшектеп темірге өткізбек болғандар ұсталды
Қарағанды облысында жүк көлігін бөлшектеп темірге өткізбек болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйекте Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне бір кәсіпорыннан, белгісіз адамдар есікті бұзып, қоймаға кіріп, жүк көлігінің тақтасы мен есіктерін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Жалпы шығын көлемі 270 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді 25 және 29 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар ұрланған мүлікті металл қалдықтарын жинайтын орынға тапсыруды жоспарлағанын түсіндіріп, мойындады.
Айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188 -бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.