Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында пробация қызметкерлері бір аптада 6 құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысында пробация қызметкерлері бір аптада алты құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек пен 1 желтоқсан айы аралығында департаменттің қалалық және аудандық пробация қызметтерінде “Учаске” атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шара барысында Түркістан облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардың мекен-жайлары бойынша тексеріп, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, қайта қылмысқа бармау жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу. Олардың тұрғылықты мекен-жайына барып тексеру жүргізіп, кеңес өткізеді.

Осы орайда Түркістан қалалық пробация қызметкерлері мен аудандық ПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларында болып, олармен кездесіп, әңгіме жүргізілуде. Бұл жедел-профилактикалық іс-шара барысында шартты түрде жазасын өтеушілердің белгілі бір шекарадан шығу-шықпауы, сотты болған адамның хабар бермей ел ішінде жүруі, сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылық жасауы сынды жұмыстардың алдын-алу нәтижесіне талдау жасалынды.

Сондай-ақ, “Учаске” жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы Түркістан қалалық пробация қызметі есепте тұрған азаматтардың пікірін тыңдап, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, қоғамдық ортаға бейімдеп, жұмысқа орналасуына ұйытқы болуды жоспарлап отыр. Осындай жобаның арқасында қоғамдық тәртіп бір жүйеге келіп, құқық бұзушылықтар барынша азаяды деген сенім мол.

– 1 қыркүйектен бастап пробация есебінде тұрған 73 сотталғанның мекен-жайы бойынша тексеру жүргіздік. Осындай тексеру жұмыстарының нәтижесінде төрт сотталған азаматтың жаза өтеу ережесін бұзғандығы анықталып, оларға ескерту жарияланды. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 44-бабы 3-тармағына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін және бір азаматтың жазасының мерзімін ұзарту туралы хаттама сотқа жолданды. Біздің мақсатымыз – пробация есебінде тұрған сотталғандардың тарапынан қылмыстың алдын алу болып табылады. Сондай-ақ, олардың қоғамға бейімделіп жұмысқа араласуына, кәсіпкерлік бойынша білім алуына мүмкіндік жасаймыз. Біздің қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотты болған азаматтардың біршамасы жұмысқа орналасып, олардың арасында өзінің кәсібін бастағандар да бар. Біз полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды тексеруге жиі шығамыз, – деді Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Мұрат Құрбаналиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру