Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖ Департаменті “Үміт-2021” байқауын өткізді

Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті “Үміт-2021” байқауын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқауға РУ-170/2, РУ-170/3 мекемелерінде жазаларын өтеп жүрген азаматтар салған суреттер мен қолданбалы өнер бұйымдары қатысты.

“Үміт-2021” байқау-конкурсын өткiзу мақсаты – сотталғандарда эстетикалық талғам және қоршаған ортада жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал ететін, сотталғандарда табиғат сұлулығы, өнер, әдебиет, кескіндеме шығармашылықтары жөнiнде түсiнiктердiң дамуына бағытталған, эстетикалық тәрбиелеу болып табылады.

Жасалған қолөнер бұйымдары Батыс-Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жолданып, жүлделi орындарға ие болған ең үздiк суреттер мен қолданбалы өнер бұйым марапатталатын болады.

– Көрмеге тамаша суреттер мен бұйымдар қойылған. Жазасын өтеушілерге шығармашылықпен айналысуға уақыт берілетіні қуантады, әрине. Өнер арқылы олар өмірін, ішкі жан жүниесін жеткізеді ғой. Ал “Үміт-2021” байқауы бұл жандардың бойында шынымен де үміт отын жандырып, өмір сүруге деген құлшыныстарын оятады деген ойдамын, – деді мекеме басшысы Сабиров Магнис.

Конкурс өткiзiлгеннен кейiн суреттер мен бұйымдар балалар бақшаларына, сәбилер, мүгедектер мен қарттар үйлеріне сыйға берiледi.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру