Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері интернетте алдаудың ең кең тараған тәсілдерін атады

СҚО полицейлері интернетте алдаудың ең кең тараған тәсілдерін атады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың сегіз айында СҚО-да 460 интернет алаяқтық тіркелді. Салыстырма ретінде: өткен жылдың сол кезеңінде мұндай қылмыстар екі есе аз жасалған. Оларды ашу айтарлықтай қиындық туғызады, алғашқы кезекте қаскөйлер облыстың шегінен тыс жерде болуына байланысты. Тек 21 күдікті СҚО аумағында анықталды, қалғандары өзге өңірлер мен елдерде тұрады.

– Жасалған қылмыстардың талдауы көрсеткендей, алдаудың ең кең тараған түрі – тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлемді талап ету, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин. — Алаяқтар белгілі сайттарды айналдырады, мысалы, 153 факті “OLХ.kz” тегін жарнамалар сервисімен байланысты. Былайша айтқанда, кез-келген интернет-алаң қулық жасаудың орны болуы мүмкін. 49 алаяқтық Instagram-дағы жалған хабарландырулар, 15-і — Kolesa.kz сайты, 11-і — өзге әлеуметтік желілерде жасалған. Ұсынылатын тауарлар мен қызметтер әр түрлі болуы мүмкін. Жаңа оқу жылы қарсаңында жалға үй беру ұсынысымен алдау жағдайлары жиілеген — тамыз айында 8 осындай факті тіркелді.

Виталий Подчерниннің айтуынша, таралған схемалардың арасында екінші орында – “банктанбыз деген қоңырау”. Алаяқтар қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлеріміз немесе банк менеджерілеріміз деп таныстара отырып, адамдарды олардың шоттарына қауіп төніп тұр деген желеумен кез-келген тәсіл арқылы құпия деректерді: банк карталарының нөмірі мен cvv-кодтарын, оның ішінде sms-хабарлама арқылы келетін қолжеткізу кодын алуға тырысады.

Тағы басқа көптеген алаяқтық схемалары бар. Қылмыскерлер адамдарға “ақшаны айналымға жіберіп пайда табу”, брокерлік қызмет, жұмысқа орналасу сияқтыларды ұсынады, ұтыстарға сендіреді. Мақсаттары — құрбанын аталған шотқа ақшасын аударуға немесе құпия деректерін атауға көндіреді. Кейде киберқылмыскерлер төлем жасау үшін қашықтықтан қолжеткізу қосымшасын жүктеуді ұсынады. Адамдарды компьютерлік сауатсыздық алдануларына әкеледі: мұндай қосымша қаскөйлерге құрбандардың компьютерлері мен мобильді құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді.

СҚО полицейлері облыс тұрғындарынан интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға, ешкімге құпия деректерін сеніп тапсырмауды, таныс емес қосымшаларды орнатпауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру