Қарағанды облысында жұмысшылар қыстаудан көлік ұрлап кетті
Қарағанды облысында жұмысшылар қыстаудан көлік ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 желтоқсанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 64 жастағы басшысы хабарласқан. Біреулер қыстауда тұрған көлікті ұрлап кеткенін айтты.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдіктілерді – 30 және 37 жастағы екі ер адамды және 50 жастағы әйелді ұстады. Олардың барлығы да осы шаруа қожалығының жұмыскерлері болып шықты. Ұсталғандар басшының көлігіне мініп көргісі келгендерін айтты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті заңсыз басып алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.