Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер темір қазан ұрлаған адамды бір тәулікте ұстады

Шымкенттік полицейлер темір қазан ұрлаған адамды бір тәулікте ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, белгісіз біреу үйінің ауласына 16:00-18:00 шамасында кіріп, асханасында тұрған 100 литрлік темір қазанын қолды еткен. Келтірілген шығын көлемі 25 мың теңгені құраған.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жетіп, ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, полицейлер арада бір тәулік өткенде ұрлық жасаған адамды тұрғылықты мекенжайынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру