Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында жыл басынан лаңкестік туралы 6 жалған хабарлама тіркелді

Қарағанды ​​облысында жыл басынан бері лаңкестік туралы 6 жалған хабарлама тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қарағанды ​​облысының ПД-де лаңкестік актісі туралы 6 жалған хабарлама келіп түскен.

Мәселен, қаңтар айында осыған ұқсас екі факті тіркелді. Қылмыскерлер Қарағанды ​​қаласының ПБ Жедел басқару орталығының “102” телефонына қоңырау шалып, облыстық перинаталдық орталық пен облыстық клиникалық ауруханада жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарлаған. Полицейлер аз уақыт ішінде күдіктілерді – 30 және 41 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сот үкімімен кінәлілер екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

10 қазанда Қарағанды ​​облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлама келіп түсті. Белгілі бір азамат астанаға телефон соғып, шахталарды жарғысы келетінін айтқан екен. Уақыт өте келе полицейлер күдікті Сәтбаев қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру