Қарағанды облысында жылдамдық шегінен асуды автоматты түрде тіркеуге арналған 80 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылады
Қарағанды облысында жылдамдық шегінен асуды автоматты түрде тіркеуге арналған 80 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында “Қауіпсіз қала” жобасын іске асыру аясында 1 қазаннан бастап жылдамдық шегінен асуды автоматты түрде жазуға арналған “Megacam Limit-S” 80 аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға беріледі. Ол үшін тиісті жол белгілері орнатылып, сынақтан өтеді.
Осылайша, Қарағанды, Теміртау - 15, Жезқазған - 10, Сәтбаев - 10, Саран - 5-те 40 аппараттық-бағдарламалық кешен жұмыс істейтін болады.
Жеке қауіпсіздік пен жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігі үшін полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.