Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері әйелдің 8,5 миллион теңгесін жымқырған интернет-аляқты іздеуде

СҚО полицейлері әйелдің 8,5 миллион теңгесін жымқырған интернет-аляқты іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері облыс тұрғындарынан “банктен қоңырау шалып тұрмыз” дегендерге сенбеуді өтінеді. Банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкеріміз деп қоңырау шалатындар – алаяқтар.

Белгісіз қылмыскер Петропавл қаласының тұрғынына ірі көлемде шығын келтірген. Қоңырау соғып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, әйелге оның атына біреу несие ресімдемекші болып жатыр деп хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, қылмыскер өз-өзіне сенімді болған, қылмыскер банк терминдерін еркін меңгерген. Ол қалалықты басқа несие 2 миллион теңге алу керектігіне көндіріп, кейін “қосымша шотқа” аударуды ұсынған. Көп кешікпей тағы да қоңырау шалып, қаскөй әйелге келесі банктен несие алмақшы болып жатыр деп айтқан. Бұл схема бірнеше рет қайталанған. Қаскөйдің нұсқауын орындай отырып, жәбірленуші ақыр соңында сомасы 8,5 миллионнан астам бес банктен несие алған. Алдаудың құрбанына айналғанын түсінген әйел полицияға жүгінген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

– “Банктен қоңырау шалып тұрмыз деген” сценарий — интернет-алаяқтардың арасында кең таралған тәсіл. Қылмыскерлер адамдарды несие алуға және ұсынылған шотқа аударуға көндіреді. Келесі бір жағдайда олар құпия деректерді: банк картасының нөмірі мен сыртында жазылған cvv-кодты, банк қосымшасының құпия сөзін, sms-хабарлама арқылы келетін бір реттік қолжеткізу кодын қолға түсіреді. Алаяқтың құрбанына айналмас үшін келесілерді есте сақтаған жөн: банк қызметкерлері ешқашан мұндай қоңыраулар шалмайды. Олар клиенттен қандай да бір банк операцияларын жасауды талап етпейді. Егер сіз шоттың сақталуына күмәнданған жағдайда банкке арнайы нөмір бойынша қоңырау шалыңыз немесе жеке банк филиалына барыңыз, — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Жыл басынан облыста 499 интернет алаяқтығы тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру