Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардара ауданында 15 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді

Шардара ауданында 15 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында биылғы оқу жылының басталуына орай балалардың жолда жүру қауіпсіздігін қадағалап, оларға ережелерді түсіндіру және жасөспірмдер арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында түнгі және күндізгі жедел-профилактикалық іс-шаралар жиі жүргізілуде.

Шардара ауданы ПБ қызметкерлері білім беру мекемелерінің аумағында “Абайлаңыз балалар!” іс-шарасын өткізді. Онда полицейлер оқушыларды жолда жүру, жолдан өту ережелерімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар шардаралық полицейлер кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу міндеттеріне сай түнгі рейдтік іс-шараларды да жедел ұйымдастыруда. Іс-шараға сәйкес полицейлер аймақтағы түнгі ойын-сауық кешендерін, саябақтар мен алаңдарды аралап тексеру жүргізуде.

Осындай кезекті тексеріс кезінде тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған 15 жасөспірімді анықтады. Олар тез арада бөлімшеге жеткізілді. Жасөспірімдердің ата-аналарына ӘҚБтК 442-бабы 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұған қоса беймезгіл уақытта көшеде жүрген тағы екі оқушы ұсталып, ата-аналарына қатаң ескерту жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру