Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының базарларында жасалған ұрлықтар ашылды

Қарағанды облысының базарларында жасалған ұрлықтар ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 шілдеде Қарағанды облысының Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жүгінген әйел жеке кәсіпкер екен. Орталық базарда орналасқан сауда нүктесінде ол ағаштар мен бұталардың көшеттерін сатумен айналысады. Белгісіз біреу дәл базар жабылар қарбалас уақытта жәбірленушінің басқа адамдарға қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, бірнеше ағаш көшеттерін ұрлап кетеді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлерімен “ізін суытпай” 48 жастағы күдікті анықталды және ұсталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ол ұрлаған ағаш көшеттерін өзінің учаскесіне егу мақсатымен ұрлағанын түсіндірді. Заттай дәлелдемелер алынды және жәбірленушіге қайтарылды.

Сонымен бірге, осы күні Балхаш базарларының бірінде де ұрлық болды. Полицияға 38 жастағы қалан тұрғыны жүгінді. Белгісіз біреу сөренің астынан тауары бар үлкен сөмкені ұрлап кеткені белгілі болды, онда 500 мың теңге сомасына сатуға арналған заттар болған. Қаскөй оқиға орынанда орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 55 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды.

Екі факті бойынша полицияда ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру